Исатай ауданында әлеуметтік қызметкерлер марапатталды

Қазан айының соңғы жексенбісі жыл сайын мұқтаж жандардың мәселесін шешумен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер күні.

Соған орай аудан әкімінің орынбасары Рашид Тасанұлы әлеуметтік қызметкерлерді қабылдады.

5459b7d3-e06b-4ee8-8a59-86b3b7179030


"Өмірде тағдыр тауқыметін тартқан жандар бар. Ал, әлеуметтік қызметкерлер, яғни өздеріңіз сол азаматтармен өмірде біте қайнасып келе жатсыздар. Өмірде қиындыққа тап болған азаматтардың көңілдерін аулап, жалғызбасты қариялармен бірге етене жұмыс жасап, мүмкіндігі шектеулі жандардың да қайғыларымен бөлісіп, ортаға бейімдеу бағытына жасаған жұмыстарыңыз алғыс айтуға тұрарлық. Бүгінгі келіп жеткен кәсіби мерекемен құттықтап, еңбектеріңізге толағай табыс,отбасыларыңызға амандық тілеймін" -деді аудан әкімінің орынбасары және аудан әкімінің алғыс хатымен әлеуметтік қорғау жүйесінің бірқатар қызметкерлерін марапаттады.
Сондай-ақ аудандық маслихаттың хатшысы Нұрлан Мұхамбеталиев те жылы лебізін білдіріп, бір топ сала қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521