ИСАТАЙ АУДАНЫНДА БИШІЛЕР «ҚАРА ЖОРҒА» БИЛЕДІ

Аққыстау орта мектебінің алдында аудандық оқушылар үйінің бишілер тобы қазақтың «Қара жорға» биін  билеп, флешмоф өткізді. Алаңға жиналған  қырыққа жуық оқушы мың бұрала билеп, сайлаушылардың көңілін бір көтеріп тастады. Ұлттық қазақы киім мен көктемнің шуағы да балғын бишілердің әсем қимылдарына жарасымдылық беріп тұрды. 


Оқушылар үйі би үйірмесінің көркемдік жетекшісі Қамажай Зайынова сайлау маңызды оқиға екенін айтады. 

-Бүгін – еліміз үшін өте маңызды күн. Менде осында келіп, өз таңдауымды жасадым. Көптен бері оқушылар үйірмесінде еңбек етемін. Оқушыларды би өнеріне баулимын. Қазір би үйірмесінде жүздеген оқушы бар. Би өнерінің қыр-сырын үйренген оқушыларым бірнеше рет халықаралық, республикалық, облыстық байқауларда жүлделі орындарды иеленіп жүр,-дейді ол бізбен  қысқа әңгімесінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521