Тұщықұдық ауылы, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп ғимаратында жұмысын бастаған №131 сайлау учаскесінде ең жас сайлаушы өз таңдауын жасады.
Нұрдаулет Алмабекұлы сайлауға бірінші қатысып, дауыс беру құқығын алғаш рет пайдаланып отыр.
-Мемлекет басшысы еліміздің ертеңі үшін маңызды шешімдерді қабылдайды, ал оны таңдауға кез-келген қазақстандық бей-жай қарамауы керек,-дейді жас сайлаушы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, мұндай жауапты науқанға бірінші рет қатысатын 387 жас сайлаушы бар.