Исатай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық аурухана қызметкерлерінің қатысуымен Медициналық куәландыру жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес мас болу күйін анықтау үшін аудандық ауруханаға қаратқан кезде мәселелер туындағансын дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Кездесуге Исатай аудандық ауруханасының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Жеңісбек Абежанов және Психиатр нарколог дәрігері Қалыбек Салихов қатысты. Одан бөлек дөңгелек үстелге қатысушылар бірлесе әрекет ету жұмыстары бойынша өз ойларын ортаға салып, алдағы жоспарлармен бөлісті. Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Бимуханов өз тарапынан шараға қатысушыларға осы бағытта өзара қарым қатынасты және ақпарат алмасуды күшейтуге ұсыныстар берді.
Аталған жұмыстар одан әрі жалғасуда.
Исатай аудандық полиция бөлімі