Исатай ауданында мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты

Исатай ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында «Ұлттық ономастика – Ел айнасы» атты аудандық байқау өтті.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен байқаудың мақсаты – аталмыш байқау арқылы жергілікті жерлерде тіл саясаты саласында жұмыс істеп отырған мамандардың заңнамалық актілерді білу деңгейін, халықпен жұмыс істеу қарқынын білу.

img_6629

Ауылдық округ аппараттарының ономастика саласымен айнылысатын бас мамандары арасында өткен байқауға жергілікті өлкетанушы Мүтиғолла Насиханов, ардагер ұстаз Ерболат Насимуллин және аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Арманбек Махмудов қазылық етті.

img_6638

Байқау нәтижесінде Жанбай ауылдық округі аппаратының бас маманы Мариям Баркимбаева жеңімпаз атанса, Зинеден ауылдық округі аппаратының бас маманы Маржан Қайратова ІІ орынға, Қамысқала ауылдық округі аппаратының бас маманы Айгүл Қадырова ІІІ орынға лайықты деп танылды.

Сайыс соңында қатысушыларға арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521