Исатай ауданында облыстық «Фариза оқулары» байқауы болып өтті

Атырау облыстық білім беру басқармасының «Таланттарды анықтау және қолдау орталығы» менаудандық білім бөлімінің ұйымдастырған 8-11сынып оқушылары арасындағы облыстық «Фариза оқулары» байқауы болып өтті.

Байқау қазақ ақыны, қоғам қайраткері,  журналист  Фариза Оңғарсынова шығармаларын дәріптеу, халықтың жүрегінен орын алған поэзия падишасының өлеңдерін мектеп оқушылары арасында насихаттау әрі шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамдарын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Аталмыш шарада алғашқы сөзді аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлайна Құрманғалиева алып, бабы мен бағын қатар сынай келген оқушыларға сәттілік тіледі.

Келесі кезекте сөз алған «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының»  директоры Руслан Сарбалин:

-Қадірлі  ұстаздар, барша қонақтар, бүгінгі облыстық  «Фариза оқуларына» қош келдіңіздер. Жалпы, еліміз өнерлі тұлғаларымен мақтанады. Солардың бірі де бірегейі – біздің Фариза апамыз. Сол апамыздың артына мұра ретінде қалдырған өлеңдерін насихаттау мақсатында  осы байқауды жоспарлап, күнтізбенің бүгінгі күніне сәйкес орайластырдық, - деді ол.

Одан бөлек Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Жетісу облысы және Исатай ауданының Құрметті азаматы, Н.Жантөрин атындағы филармонияның әншісі, сазгер Гүлмайдан Сүндетқызы байқауға қазылық етіп, әрі туған өлкеге ән шашуын арнады.

Байқаудың облыстық кезеңіне қалалық және аудандық кезеңнен іріктелген  жеңімпаз  33 оқушы қатысып,  «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай»  және  «Өлең, мен сені аялап өтем...»  деген аталымдар бойынша  бақ сынаса, соңғы кезең Фариза шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу бойынша қорытындыланды. Қазылар алқасының шешіміне сәйкес І дәрежелі дипломмен- 3 , ІІ дәрежелі дипломмен - 5, ІІІ  дәрежелі дипломмен - 8, алғыс хатпен- 14  және аудан әкімі алғыс хатымен 3 оқушы марапатталды. Айта кетейік, аудан байынша қатысқан сайыскерлер ішінен Аққыстау орта мектебінің 9-сынып оқушысы Дана Жалғасбай - ІІ орын, Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Нұрғазы Айымнұр – ІІ орын, Новобогат орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мнаура Жасұлан аудан әкімінің алғыс хатын иеленді.

 

Сағыныш ҚАЙЫР

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521