Исатай ауданында оқушылар арасында аудандық ұлттық мектеп лигасы ойындары басталды

Биылғы қыркүйек айынан 2022 жылдың ақпаны аралығында өтетін лигада аудан бойынша 5-6, 7-8, 9-11 сыныптың ұл қыздары спорттың он түрінен бақ сынайтын болады.

Санитарлық талапқа сай ұйымдастырылған жарыс маусымының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан, аудандық білім бөлімінің басшысы Г.Құрманғалиева, «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубының директоры А.Жұмабеков және ардагер спортшы Т.Қожасов қатысты.

97a56940-85e5-4dc4-909c-65e71eaf0752

4

0598d8ce-ca55-4e78-8eba-d677d522edcd

Үш айға созылатын мектеп лигасының жеңімпаздары жарыстың облыстық кезеңіне жолдама алады. Айта кетсек, былтыр осы сайыстан жеңімпаз атанған Аққыстау орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларынан құралған баскетболшы қыздар командасы облыстан да озық танылып, «Алтын доп» ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде күміс жүлдеге ие болған еді. Ендеше, бұл жарыстың жас таланттарды тауып, шыңдауда рөлі зор деп білеміз және шын мықтылар аудандық деңгейде ғана шектелмей, облыс, республикалық додада топ жарады деген үміт бар.

Жарысты ұйымдастырушы - Исатай аудандық білім бөлімі «Барыс» балалар-жасөспірімдер денешынықтыру даярлық клубы.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521