Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы №243 бұйрығымен бекітілген ҚР ІІМ-нің 2021 жылға арналған Операциялық жоспардың 99-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, 2021 жылғы наурыз айының 15-сі мен 24-і аралығында ауданымызда «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Исатай аудандық Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталған барлығы 40-адам есепте тұр. Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға тартылғандарды тәрбиелік дұрыс жолға салып, жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда. Қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандармен профилактикалық сұхбаттасу жүргізіліп, тексеріс барысында жазаны өтеу тәртібін бұзбауға, сот жүктеген міндеттерді орындауға, пробация қызметкерлеріне хабарламай тұрақты мекен-жайын өзгертпеуге, алкогольдік ішімдік ішілетін жерлерге бармауға және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған сотталғандарға қатысты тиісті шара қолданылатыны ескертілді.
Сонымен қатар қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес сотталған тұлғалар пробация қызметінің бақылауынан бой тасалаған жағдайда немесе көрсетілген талаптарды қасақана орындамаған жағдайда, сотпен шартты жаза мерзімі ұзартылатыны және жазасының күші жойылып, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатындығы туралы жауапкершілігі түсіндірілуде.
Шара кезінде сотталғандардың тұрғылықты жерін анықтау, әкімшілік деректер базасына және полиция бөлімшелерінің басқа да есептері бойынша қызметтік тексерістер жүргізілуде.
Исатай аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы,
әділет капитаны Сая Әділетқызы