Исатай ауданында қос сала қызметкерлері марапатталды

Исатай ауданында 15 қарша – Ұлттық валюта – теңге күні және қарашаның үшінші жексенбісі Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай  аудандық «Жалын» мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

dsc_0026

Аталған шара ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесінен бастау алды. Шараны ұйымдастырушылар маңдай терлерін сыпыра жүріп ел дәулетін еселеуге үлес қосқан дала еңбеккерлерінің ерен тірліктерінің «әп, бәрекелді» дегізер нәтижелерін келушілерге барынша ашып көрсетуге тырысқандары көрініп тұр. Мәдениет үйінің фойесінде орналасқан көрмеде сүт өнімдері, ұн өнімдері мен тоқыма бұйымдары көрініс тапқан. Көрмеде  екі шаруашылықтан сүт өнімдері, ұн өнімдері және тігін, тоқыма қолөнер бұйымдары мен аудан суретшілерінің суреттері ұсынылды. Көрмеге Новобогат орта мектебінен Гүлзира Хайруллина, Аққыстау орта мектебінен Сымбат Гатихова, «Балдәурен» бөбекжай-бақшасынан Нұрайша Қуанышкереева және Абай атындағы мамандырылған мектеп-гимназия-интернатынан Зарина Жарасова мен Өркен орта мектебінен Жадыра Қаптағаева өз қолөнерлерін ұсынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының бірқатар сүт өнімдері де бар. Жеке кәсіпкер, «Макарон» цехінің иесі Зайпхан Орынбасарқызы ұннан жасалған өнімдерін көрмеге ұсынды. Бірін-бірі құттықтасып, ақ тілеулі ізгі ниеттерін танытқан мереке иелерінің көңіл-күйлері де ерекше көтеріңкі.

 

Салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежан қос сала қызметкерлерін мерекелерімен құттықтады.

_dsc0044

-Елімізде қараша айында екі үлкен мереке тойланып өтетіні баршамызға мәлім. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1993 жыл 15 қарашада ұлттық валютамыз – теңге айналымға енсе, ел экономикасында ауыл шаруашылығының маңызы жоғары.

Төл теңгеміздің айналымға енуі тәуелсіз Қазақстанның нығайуына, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруға жол ашқан тарихи  қадам болды. Ал, ауыл шаруашылығы саласы азық-түлік нарығының қалыптасуында, отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің артуында маңызды рөл атқарады. Әрине, бұл ретте біздің исатайлық еңбек адамдарының да үлесі зор. Сала еңбеккерлерін еселі еңбегінің нәтижесінде ауданымызда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі жыл сайын ұлғайып келеді. Қос сала қызметкерлерінің де ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлестері көп. Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын,-деді және бірқатар кәсіби мереке иелерін марапаттады.

_dsc0068

Атап айтсақ, Атырау облысы әкімінің алғыс хатымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ерболат Махашев, облыстық қаржы басқармасы басшысының алғыс хатымен «Қарлығаш» бөбекжай-балабақшасының есепшісі Роза Орынбасова, Аққыстау ауылдық округінің есепшісі Асемгүл Жұбаниязова, Жанбай ауылдық округінің бас маман-есепшісі Ләззат Ахмет және Новобогат орта мектебінің бас есепшісі Дулат Мырзағалиев және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының алғыс хатымен «Абуғалиев А» ШҚ жетекшісі Аспанбек Абуғалиұлы, нарындық «Нәси» ШҚ жетекшісі Таңатар Насимоллаұлы, тұщықұдықтық жеке кәсіпкер Жеңіс Тілекқабылұлы мен Исатай ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Заманбек Рахымғалиұлы, аудан әкімінің алғыс хатымен аудандық білім бөлімінің есепшісі Алтынай Садихова, аудандық Халық банк басқармасының менеджері Гүлсім Жұмиева, Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Айнұр Таупихова мен «Жалын» мәдениет үйінің есепшісі Мейрамгүл Губашева, қамысқалалық «Арсен-Ал» ШҚ жетекшісі Света Елешова, аққыстаулық жеке кәсіпкер Айман Мұратқалиқызы, исатай ауылдық округінен «Адилова Айжан» ШҚ жетекшісі Өмірбек Өтегенұлы, қамысқалалық шаруагер Қалиахмет Сибатоллаұлы және Жанбай ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Манас Бауыржанұлы марапатталды.

Сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаты Ақкүміс Аманбаева облыстық мәслихат хатшысының алғыс хатымен мәслихат аппаратының бас маманы Әлия Исмагулова, аққыстаулық жеке кәсіпкер Мадина Орынбасарқызы, Зинеден ауылдық округі ветеринариялық пунктінің меңгерушісі Зинелғабиден Төлепбергенұлы мен тұщықұдықтық «Даулетьяров С» шаруа қожалығының иесі Сүйінғали Отарғалиұлы және аудандық ветеринариялық стансаның бас есепшісі Лида Қабдысалыққызын марапаттады.

Сонымен қатар, аудандық мәслихат хатшысының алғыс хатымен «Құлыншақ» бөбекжай-балабақшасының бас есепшісі Зияда Құмарғалиева, Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің есепшісі Айгул Сүндетқалиева, №4 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің есепшісі Бақытгүл Садихова, Новобогат саз мектебінің бас есепшісі Анаргүл Уәлиева, «Балдәурен» балабақшасының есепшісі Рита Асанғалиева мен Зинеден ауылдық округінің бас маман-есепшісі Қарлығаш Төлегенова және де қамысқалалық зейнеткер, еңбек ардагері Жамила Хамитқызы мен Нарын ауылдық округінің ветеринариялық пунктінінің ветеринариялық фельдшері Света Құрметқызы марапатталды.

 

Салтанатты шара аудан өнерпаздарының мерекелік сазды әуенімен жалғасын тапты.

dsc_0038

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521