Исатай ауданында құқық қорғау саласының ардагерлері ұлықталды

Бүгін Исатай ауданына іс-сапармен Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Болат Көшқалиев келді.

Сапар барысында ол аудандық полиция бөлімінде болып, жеке құраммен және сала ардагерлерімен кездесті. Кездесуде аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Данияр Бимуханов соңғы 6 ай көлемінде атқарылған жұмыстардың есебін баяндап, олардың нәтижесіне тоқталды.

295018054_770426297719815_5477647703010027895_n

Бұдан соң департамент бастығының орынбасары Болат Дүйсешұлы ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың төрағалығымен өткен алқа отырысында министр жүктеген міндеттерді атап өтіп, оны іске асыру аясында азаматтардың құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін назарға салды.

295045299_770426317719813_6112471187679182882_n

Сондай-ақ бүгінгі басқосуда полиция полковнигі бір топ сала ардагерлеріне «Қазақстан полициясына – 30 жыл» мерекелік медалін табыстады. Мәртебесі биіктеп, мерейлері үстем болғандардың қатарында Бауыржан Қапаров, Таушан Хайрушев, Кенжеғұл Абдуллин, Күмісбай Абилхасанов және Тұрлан Қарасов бар.

294835850_770426294386482_3959900445648692939_n

Өз кезегінде сала ардагерлері атынан сөз тізгіндеген ауданның Құрметті азаматы Күмісбай Абилхасанов көрсетіліп жатырған құрметке ризашылығын жеткізіп, жергілікті полиция бөліміне алдағы уақытта аудандағы заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алған қойған міндеттерді ойдағыдай жүзеге асыруына тілектестік білдірді.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521