Исатай ауданында сайлау комиссиялары жұмыстарын бастады

Исатай ауданында бүгін сағат 7.00-де барлық сайлау комиссиялары өз жұмыстарын бастады. Атап айтқанда, 1 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиясы.

Исатай ауданында бүгін сағат 7.00-де барлық сайлау комиссиялары өз жұмыстарын бастады. Атап айтқанда, 1 аумақтық, 15 учаскелік сайлау комиссиясы. Аудан орталығында орналасқан №133 сайлау учаскесінде мемлекеттік Әнұран шырқалып, аталған сайлау учаскесінің төрағасы Ерболат Насимуллин сайлаудың маңызды оқиға екеніне тоқталып, әріптестеріне сәттілік тіледі. Cайлау учаскесі жұмысын бастаған бойда алғашқы дауыс берушілер де келе бастады. Алғаш болып аққыстаулық зейнеткер Ишанғали Ермеков дауыс берді.

91e6c44a-78f7-4975-9e2a-21a1841f4648

-Елімізде маңызды оқиға – сайлау өтіп жатыр, мен де еліміздің болашағының жарқын болуына өз үлесімді қосайын деп ертерек келіп өз таңдауымды жасадым,-дейді ақсақал.
Алғаш болып дауыс берген ақсақалға сайлау учаскесінің төрағасы сыйлық табыс етті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521