Исатай ауданында сала үздіктері ұлығыланды

Исатай ауданында медицина қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер және Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті.

Мерекелік шарада аудан әкімі Полымбет Хасанов былтырғы короновирус індеті таралған кезден-ақ осы үш саланың алдыңғы қатарда болғанын және қазіргі уақытта да үздіксіз тұрғындардың игілігі үшін қызмет етіп келе жатқанын жеткізіп, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзінің құттықтау хатын табыстады.

img_6557

img_6562

i

i

img_6603

Одан әрі құттықтау сөз кезегін алған аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев:

- Қазіргі таңда маңызы бар үш сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Осы аталған үш саланың қызметкерлері күні бүгінгі жағдайға байланысты тығыз жұмыс жасап жатыр деп есептеймін. Ең алдымен медицина қызметкерлері осы індет елімізге кіргелі күн-түн демей жұмыстарын жасап, өз өмірлеріне қауіп төнсе де, адал қызметтерін жалғастырумен келеді. Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті сақтау, халықты санитарлық талаптарды сақтауға шақыруда полиция қызметкерлерінің де еңбегі орасан зор. Ал, халықты ақпараттандыру, экономикалық-әлеуметтік саладағы қиындықтарды жеңуде аянбай қызмет етіп жатқан мемлекеттік қызметшілер. Сондықтан аталған саланың қызметкерлері қандай да болмасын құрметке лайықты ,- деді және бірқатар сала мамандарына өзінің Алғыс хатын тапсырды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521