Исатай ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты жиын өтті

Бүгін Исатай ауданында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімдерін нақтылау мақсатында құрылған жұмысшы тобының отырысы өтті.

Елдегі карантиндік шектеу талаптарына байланысты жиында санаулы билік өкілдері, жергілікті өлкетанушылар, тарихшылар бас қосып, қалған ауылдық округ әкімдері, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары және мекеме басшылары «Zoom» бағдарламасы арқылы онлайн түрде қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрғайша Абежанның төрағалығымен өткен жиынның күн тәртібінде Кеңес одағы кезінде қуғын-сүргінге ұшыраған аудан азаматтарының есімдерін анықтап, ақталмай қалған азаматтарды ақтау, аудан тұрғындарының ішінде олардың қуғын-сүргіннің құрбандарына айналған жақындары бар-жоғын білу мәселелері қаралды.

d46f63de-a04c-4518-9073-f3433d4d4780

Бұған дейін отырыстың шағын топпен өткендігін еске салған аудан әкімінің орынбасары Н.Абежан бүгінгі отырыстың кең көлемде өтіп жатқандығын атап өтіп, күн тәртінбіндегі мәселенің маңыздылығына тоқталды.

- Архив құжаттарына сәйкес Исатай ауданы бойынша 1937-1953 жылдар аралығында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 60 адамның есімдері белігі болды. Олардың қатарында саяси репрессияның құрбаны болған атақты домбырашы, әрі жыршы, өлеңші Жаңбырбай Бекмағамбетұлы мен ақын, жыршы Насихат Сүгірұлының есімдері бүгінде ел аузында әлі күнге айтылып келеді. Бұл 60 есімнен бөлек ауданымызда әлі есімдері анықталмаған қуғын-сүргін құрбандарының болуы әбден мүмкін. Жұмысшы тобы құрамының қатысуымен өтіп жатқан бүгінгі басқосуымыздың да мақсаты да осы саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімін анықтау болып отыр. Сондықтан аталған мәселеге қатысты жұмыстар атқарылу қажет. Сондай-ақ біз өз тарапымыздан аудан тұрғындарының өз шежірелерінде қуғын-сүргінге ұшырап, ақталмаған ата-бабасы немесе жақын туыстары болған жағдайда жергілікті жауапты мамандарға тікелей жолығуға болатындығын еске салып отыруымыз қажет деген, - Н.Абежан аталған мәселе жөнінде жұмысшы тобы құрамына бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жиында ауданымыз бойынша саяси қуғын-сүргінге ұшыраған есімдері белгілі құрбандар жайында сұраған жанға толықтай ақпарат берілетіндігі де айтылды.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 10 қарашадағы №748 «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы» Жарлығына сәйкес саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың есімдерін нақтылау мақсатында аудан әкімі П.Хасановтың бекітілімімен ауданымыздан жұмысшы тобы құрылған болатын. Олардың қатарында ауылдық округ әкімдері, ауылдық ардагерлер кеңестерінің төрағалары, мекеме басшылары, жергілікті өлкетанушылар, тарихшылар бар.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521