Исатай ауданында «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында тал-теректер отырғызылды

Бүгін «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында Исатай ауданында аудан әкімі Полымбет Хасановтың қатысуымен «Жастар» саябағына «Мекенім – жасыл орманым» атты тал-терек отырғызу акциясы өтті.

Республикалық акция аясында бүгін аудан орталығы аумағында 713 тал-терек отырғызылды.

img_5885-min

Бұл жұмыстарға мемлекеттік орган қызметкерлері, табиғат жанашырлары және басқа да барлық мекеме қызметкерлері қатысты.

img_5859-min

- Акция негізінде ауданымызда тал-терек отырғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Саябақ аумағына отырғызылған тал-теректерге одан әрі күтіп-баптау жұмыстары күнделікті жалғасын табатын болады. Кешенді жоспарға сәйкес аудан аумағында орналасқан санитарлық қорғау саябағына, Ынтымақ, Егеменді Қазақстан, Атырау, Достық көшелеріне, Қаратүбек және Сельхоз мөлтек ықшам аудандарына да көшет отырғызу жұмыстары жүргізілуге тиіс болатын. Дегенмен, кешегі күнгі жауын-шашын әсерінен кей жерлердің ылғалдылығы құрғамауына байланысты аталған орындарға көшет отырғызу жұмыстары алдағы күндерде жалғасын табатын болады, - дейді Аққыстау ауылдық округі әкімі міндетін атқарушы Ақжол Елубайұлы.

img_5880-min

Сондай-ақ осы жоба аясында бүгінгі күні ауылдық округтерде, бөбекжай-бақша, білім ошақтары, кәсіпорын мекемелері және тағы басқа мекеме ғимарат аумақтарында әрбір мекеме басшыларының қатысуымен тал-терек отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Шара соңында аудан әкімі П.Хасанов тал-терек отырғызу акцияна қатысқандарға өзінің ризашылығын білдірді.

- Мұндай акциялар халықтың экологиялық мәдениетін арттырады, табиғатқа деген ұқылыптылықты қалыптастырады. Ауданымызда экология мәселелеріне бейжай қарамайтын, осындай шараларға белсенді қатысатын азаматтар санының өсіп келе жатқаны қуантады, - деді өз сөзінде аудан әкімі П.Хасанов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521