ИСАТАЙ АУДАНЫНДА ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫ ТАРТЫСТЫ БАСТАЛДЫ

Исатай аудандық мәдениет,  денешынықтыру және спорт бөлімі мен «Барыс» балалар және жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық  клубы және  жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен кіші аяқ доптан аудандық турнир басталды.

 Шараны ашқан Қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Насимуллин бұқаралық—спорттық жарыстардың жастардың бос уақытын тиімді пайдаланудағы маңызына тоқталса, «Барыс» балалар және жасөспірімдер дене шынықтыру даярлық  клубы директоры,аудандық маслихат депутаты Асхат Жұмабеков пен ардагер спортшы Асқар Дәулетқалиев жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілеп, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдірді.

Турнирдің негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру әрі ауыл жастар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Бұл ойынға жалпы саны 16 команда қатысады.Атап айтсақ, «Зинеден ауылы», «Аққыстау Сити», «Азат», «Barys.kz», «Барлаушы», «Даллас», «Жанбай», «Исатай», «Лион», «Нарын», «Тұщықұдық», «Қамысқала», «Қамысқала мешіті», «Құлагер», «Өркен», «Номад» командалары  бабы мен бағын қатар сынайды.Бұл ойынға барлық қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келіп,тіпті ойын алаңына бірдей түсті жейдемен шығуы да көз тартады. Ауданымызда бастау алған футбол лигасы қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады.Тартысты өткен теңбіл доп додасының нәтижесін де жоғары ұпаймен алға шыққан құрама облыстық турнирге жолдама алады.

                                                                                                    

                                                                                                                              Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT