Исатай ауданында үшжақты комиссияның отырысы өтті

Бүгін Исатай ауданында үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Наурызбек Ғабиденұлы төрағалық етті. Жиында еңбек дауларын болдырмау (жалақы бойынша берешек, жалақы мөлшерін көтеру, жұмыстан босату), міндетті медициналық сақтандыру, жұмысшылардың денсаулығы кенеттен нашарлаған кезде әлеуметтік қорғалуы, халықты жұмыспен қамту, квота шеңберінде жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша «ЖайықМұнайГаз» мұнай газ өндіру басқармасының өкілі Әділбек Жайдарбекұлы баяндама жасады.

cf3534d7-234f-4b51-b469-ee3811c5bdb2

Оның айтуынша, мұнай өндіру жоспарына сәйкес, басқарма мұнай өндіру және тапсыру көрсеткішін 100 пайызға орындап келеді. Сондай-ақ мұндағы мекеме қызметкерлерінің жалпы саны өткен жылы 897 адамды құраса, биыл ол көрсеткіш 32 адамға қысқарып отыр. Бұл өз кезегінде жұмысшылардың зейнет жасына жетуі, зейнеткерлік жасты ішкі қағидаларға сай күтіп алу, жұмысшылардың бастамасы бойынша жұмыстан босату, мезгілсіз қайтыс болу салдарына байланысты кеміген.

8

Аталған мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Наурызбек Ғабиденұлы басқармада жұмысшы санының қысқарып отырғанына қарамастан жоспардың 100 пайызға орындалып отқанына таңданысын білдірді. Сондай-ақ ол бос жұмыс орындарын басқа жергілікті жұмысшылармен толықтыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Бұған жауап берген Әділбек Жайдарбекұлы жұмысқа алу және жұмыстан босату «ЕмбіМұнайГаз» АҚ құзырында екенін жеткізді.

a

Аталған мәселелер бойынша жиында одан әрі «Сазанқұрақ», «Прикаспиан Петролеум Компани» және «Потенциал-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері де баяндама жасады.

Жиында комиссия мүшелерінен бірқатар сауалдар мен ұсыныстар жолданды. Мәселен, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Гүлжан Жұмалиеваның айтуынша, соңғы кездері «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жіберілген ұсыныстардан еш нәтиже болмаған.

f

Жиында бұдан бөлек Исатай аудандық аурухана директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Сержан Сәндібаев, «Атырау-Жарық» АҚ-ның Исатай аудандық бөлімшесінің инженері Әлібек Төлебаев және Исатай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салықтық бақылау және өндіріп алу бөлімінің бас маманы Таупихова Айнұр күн тәртібінде бекітілген мәселелер бойынша баяндама жасады.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521