Исатай ауданында вакцинациялау пункттері демалыссыз жұмыс істейді

Мереке күндері Исатай ауданында вакцинациялау пункттері демалыссыз жұмыс істейді.

Бұл туралы Исатай аудандық ауруханасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Мереке күндері Исатай АА-да вакцинациялау пункттері демалыссыз жұмыс жасайды. 4,5 және 6 шілдеде Исатай ауданы тұрғындары коронавирустық инфекцияға қарсы екпе ала алатынын хабарлаймыз. Ол үшін аудандық емхананың екінші қабатындағы 208-ші кабинетіне келіп, медициналық тексеруден өту керек. Өзіңізді, туғандарыңызды аса қауіпті жұқпалы аурудан қорғаңыз. Вакцинация туралы қосымша ақпарат алу үшін, көрсетілген нөмерлерге қоңырау шала аласыз. 87028232881; 87024805052; 87785183383;» делінген Исатай аудандық ауруханасының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521