Исатай ауданында «Волонтерлар мектебі» жобасы аясында оқушылармен кездесу өтті

Исатай ауданында «Волонтерлар мектебі» жобасы аясында Аққыстау, Өркен орта мектептері және Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 11-сынып оқушыларынан құралған ерікті жастармен кездесу шарасы өтті.

Шара аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен қолға алынды.

5

7

19d54428-6ed5-4d58-a464-002f33a95ad4

Кездесуге спикер ретінде аудандық аурухана және төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары шақырылды. Алдымен «Базалық реанимация, жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейінгі алғашқы көмек» тақырыбы төңірегінде ақ халатты абзал жандар дәріс оқыды. Оқушылардың алғашқы медициналық көмек көрсету ережесін білу ғана емес, зардап шегушінің жағдайын қиындатпау үшін істеуге болмайтын әрекеттер туралы  түсіндірілді. Әртүрлі жарақат кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдылары көрсетілді. Оның ішінде күйік шалу, сүйек сыну,  қан кету, естен тану, суға бату кезінде бұлшық сіңірлерінің тартылып қалуы, адам ағзасын тоқ соққан жағдайлардағы көрсетілетін алғашқы медициналық көмек түрлері тізбектеліп, оқушыларға кең көлемде қажетті кеңестер берілді.

a

d

Еріктілермен өткен кездесу одан әрі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мамандарының «Төтенше жағдайлардың алдын алу» тақырыбында оқыған дәрістерімен жалғасын тапты. Дәріс барысында оқушылардың негізгі назары өмір қауіпсіздігі негіздеріне аударылды. Мамандар оларды төтенше жағдайлардың пайда болу себептері мен түрлерімен және оларды жою тәсілдерімен таныстырды. Олар өрттің негізгі себептері мен қауіпті факторлары, тұтану мен өртті жою шаралары, сондай-ақ су айдындарындағы жүріс-тұрыс ережелері туралы айтып берді. Мамандар газ баллондары мен жабдықтарын тек мамандандырылған ұйымдардан сатып алуға, газ аспаптарын орнату, қосу, тексеру және жөндеу жұмыстарымен тек білікті мамандар ғана айналысу қажеттілігін де еске салды. Сонымен қатар газды тұтыну ережелері баяндалды. Мәселен, газ шығып тұрған бөлмеде ауа температурасының жоғарылауына әкелетін кез келген әрекеттен аулақ болуы керек. Сондай-ақ электр ажыратқыштарға қол тигізу ұшқынының пайда болуына себеп екені де ескертілді.

Дәріс кезінде оқушылар бір сәт өздерін құтқарушы сезініп, тілсіз жауды ауыздықтауға тырысты.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521