Исатай ауданында «Заң керуен» акциясы өткізілді

Атырау облысының  прокуроры мен облыс  әкімінің бірлескен өкіміне сәйкес барлық аудандарда  «Заң керуені» акциясы өткізілуде.

Акция алдымен Құрманғазы ауданында бастау алса, бүгін Исатай ауданында жалғасын тапты. Акцияның негізгі мақсаты халыққа  жедел құқықтық көмек көрсету, заңдарды кеңінен түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту әрі қалыптастыру болып келеді.

 

_dsc0208

Акция барысында бірқатар ведомстволардың: прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, экономикалық тергеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, экология, мемлекеттік кірістер департаменті, еңбек инспекциясы, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының қызметкерлерінен құралған мобильді топ жұмыс істейді. Мобильді топ Исатай ауданының Қамысқала, Тұшықұдық ауылдық округтерінде және де аудан орталығы Аққыстауда болды. «Заң керуен» акциясы аясында маман кеңесіне жүгінген тұрғындар көкейлеріндегі мазалап жүрген сауалдардың жауаптарын білді. Айта кетейік, «Заң керуен» акциясы 20-қазаннан 10-қарашаға дейін облыстың басқа да ауылдық округтерінде жалғасатын болады. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521