Исатай ауданында жаңа полиция пункттері ашылды

Х.Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарында тұрғын үйімен біріктірілген учаскелік полиция пункттері ашылды және екі бірдей учаскелік полиция инспекторы баспаналы болды.

Жаңа пунктте учаскелік полиция инспекторымен қатар, криминалдық полиция бөлімінің жедел-уәкілі және ювеналды полиция тобының участкелік полиция инспекторы да қызмет көрсетеді.

img_6374

Айта кетейік, бұған дейін участкелік полиция инспекторлары ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында қызмет көрсетіп келген болатын.

img_6483

Жиында сөз алған аудан әкімі Полымбет Максимұлы тұрғын үймен біріктірілген тірек пункттерінің ашылуы полиция қызметкерлері мен тұрғындардың тығыз байланысын қамтамасыз ететінін, қылмыстың алдын алуға, дер кезінде ашылуына оң ықпал ететінін жеткізіп, полицейлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

img_6486

Салтанатты жиынға арнайы келген облыстық полиция департаментінің бастығы Хамза Үмбетқалиев:

-Учаскелік полиция пунктін ашу – мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, полиция қызметін халыққа жақын сервистік модельге көшірудің қадамдары. Бұдан былай учаскелік полиция инспекторы алыстан қатынамайды, ауыл тұрғындарымен бірге болады, жыл сайын атқарған жұмысынан есеп беріп отырады, болашақта инспектордың жұмысын ауыл тұрғындары бағалайтын болады. Полиция қызметін жетілдіруге қолдау білдіріп жатқан аудан әкімдігіне алғыс айтамын ,- деді.

img_6475

Қатысушыларға аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Иса Беккалиев жаңа тірек пунктін аралатып, атқарылатын жұмыстармен таныстырып өтті.

Нұрболат НҰҒМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521