Исатай ауданында жеті отбасыға жәрдем жасалды

Бұрыннан қазақ халқы жетімін жылатпаған, жоқ-жітікке көмектесіп қайырымдылық жасайтын халық екені күні бүгінге дейін дәлелденіп келе жатыр.

Осындай қиын кезеңде қолы ашық азаматтардың арамызда жүргені көңілді қуантады.

26 қаңтар күні «Атырау облыстық Семей ядролық сынақ полигонының ерекше тәуекел етушілер бөлімінің ардагерлері мен мүгедектері» қоғамдық бірлестігінің Исатай аудандық бөлімшесінің жетекшісі Дауылбай Қанатбаев бастаған Семей сынақ палигонының ардагерлері, елдегі қымбатшылыққа байланысты аудандағы жағдайы төмен отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап, 7 үйге азық-түлік таратты. Қайырымдылық шарасы ешқандай демеушіліктің көмегінсіз, ардагерлердің өз жанынан жиналған қаражатпен атқарылды. Қайырымдылық жасалған отбасы мүшелері жауынгер ардагерлерге ыстық ықыластарын білдіріп, ерекше ризашылықтарын айтып, қуанып қалды. Олардың арасында марқұм болған, бұрын Семей сынақ полигонында әскери қызметте болған ардагерлердің отбасылары да болды.

a3963d18-f35c-4c49-8809-054487736360

2016 жылы облыста бастап құрылған бұл қоғамдық бірлестіктің көп кешікпей біздің ауданда да бөлімшесі ашылды. Қазір аудан бойынша елуге тарта жауынгер ардагерлердің 30-ға жуығы бөлімше құрамында тіркеліп тұр. Сонымен қатар жақын арада Чернобыль ардагерлері де осы бөлімге келіп қосылды. Жетекшінің орынбасары Идеятолла Хайруллиннің айтуынша, ардагерлер датылы мерекелерде, әсіресе 29 тамыз - Семей сынақ полигонының жабылған күнін ерекше еске алып, «аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімнің» мөрімен ресмиленген мақтау қағаздарын, грамоталарын тапсырып, өз араларында марапаттау шараларын ұйымдастырады.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521