Исатай ауданында жол-көлік оқиғасы орын алды

Бүгін Исатай ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алды.

Нақтырақ айтқанда, оқыс оқиға сағат 17:00 шамасында Аққыстау ауылына қарасты С.Балғымбаев және Қамысты кен орындарының арасындағы айналма жолда болған.

d7f22de2-c5fe-44bc-824f-cd1b6e292481

Белгілі болғандай, Жанбай ауылынан Атырау қаласы бағытына қарай шыққан «Land Rover» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көліктің басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылған. Оқыс оқиғаның салдарынан көлікте болған жеті адам әртүрлі дене жарақаттарын алып, жедел түрде аудандық ауруханаға жеткізілген. Ақ халаттылардың сөзіне сүйенсек, жолаушылардың екеуі ауыр, екеуі орташа және қалған үшеуі жеңіл жарақат алған.

Қазіргі таңда зардап шеккендерге тиіс деңгейде медициналық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ құқық қорғау саласының мамандары мәлім еткендей, қазіргі уақытта орын алған апатты жағдайға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүруде.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521