Исатай ауданының әкімі медицина қызметкерлерін құттықтады

Исатай ауданының әкімі П.Хасанов ауданымыздың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Құрметті исатайлық дәрігерлер қауымы, сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Медицина қызметкерлері адам өмірінің арашасы, халық саулығының қорғаушы күші.

Әр адамның басты байлығы - денсаулығы үшін күресетін мамандық иелері ең жоғары құрметке лайық. Аз уақытта әлемді шарпыған қауіпті індетпен күресте дәрігерлеріміз алдыңғы қатарда болды. Қиындықтарға мойымай, бүгінгі күннің қаһармандары атанды. Ақ халатты абзал жандарымыздың шипалы алақандары мен мейірімді жүректеріне алғыс білдіремін.

Қадірлі медицина қызметкерлері!

Аудан тұрғындарының денсаулығын жақсарту жолындағы тынымсыз еңбектеріңіз бен игілікті істеріңізге табыс тілеймін. Өз мамандығына адал, білімі мен біліктілігі жоғары дәрігерлеріміз көп болсын.

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін. Халқымыздың өмір сүру жасы ұзақ болып, дәрігерлеріміздің емделушілері азайсын. Әр күндеріңізге қуаныш тілеймін. Халықтың ықыласы мен батасына бөлене беріңіздер!» делінген Исатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT