Исатай ауданының әкімі П.Хасанов аудан тұрғындарын Елорда күнімен құттықтады.
Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.
«Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді, 6 шілде Елорда күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі болған бас қаламыз бүгінде бүкіл әлемге тыныштық пен татулықтың, өркендеу мен өсудің үлгісін көрсетіп отыр. Елордамыздың әлем көз тіккен ғажайып қалаға айналуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың батыл шешімінің, болашақты болжай білуінің көрінісі.
Сарыарқа төрінде бой көтеріп, аз уақыт ішінде заманауи қалаға айналған бас қаламыз еліміздің мақтанышы, бейбітшіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы халықаралық жиындар мен спорттық жарыстар өтетін, әлемдік көшбасшылар бас қосатын, Батыс пен Шығысты жалғап отырған алтын көпірге айналды.
Астанамыздың – болашағы жарқын, келешегі кемел болсын. Бас қаламыз күн сайын көркейіп, қала қонақтары мен тұрғындарына қуаныш сыйлай берсін.
Елорда күні - мерекесіне орай барша аудан тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, мол табыс тілеймін.
Еліміз қарыштап дамып, Астанамыз гүлдене берсін. Мереке құтты болсын!» делінген Исатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.