Исатай ауданының ауыл шаруашылығы ахуалы талқыланды

Исатай ауданына жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлыбек Ожаев жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесіп, өзара пікір алмасты.

Басқосуда алдымен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов ауыл шаруашылығына қатысты баяндама жасады.

Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы өнім көлемі былтырға қарағанда, тиісті деңгейде орындалып, төрт-түлік мал басында да өсім көрінеді.

c

Мұнан соң, шаруа қожалықтары өкілдері тарапынан мемлекеттік бағдарламалардың бағыт-бағдары, ауыл шаруашылығы құрылымдарын субсидиялау, алыс елді мекендерде орналасқан шаруашылықтарға су жеткізу, аудан көлеміндегі каналдарды жөндеуге аграрлық корпорациялар арқылы жеңілдетілген несие алуға қатысты бірқатар мәселелер тілге тиек болды. Сонымен қатар шаруа қожалықтарын ашып, кәсіп бастамақшы қожалық жетекшілері жұмысты жүргізу бағытындағы ойларын айтып, сауалдар қойды. Жергілікті басылымда бұған дейін де жазылып, көптен жауыр болып келе жатқан мәселе теңіздің тартылуы салдарынан, ауылда көктемнен қара күзге дейін топырақ борап тұратыны әңгіме болды.

v

Қожалықтар жетекшілері тарапынан айтылған мәселелерге байланысты депутат Нұрлыбек Ожаевтан бөлек, аудан әкімі Полымбет Хасанов, аудандық кәсіпкерлік және ауыр шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов те түсінік берді.

Кездесуді қорытындылаған халық қалаулысы қожалық өкілдері тарапынан көтерілген мәселелердің шешімін табу жолдарын қарастыруға жұмыстанатындығын және тиісті министрліктерге көтерілген мәселелер төңірегінде депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді. 

Айта кетейік, бұған дейін мәжілісменнің ауданға сапары кезінде қоғамдық қабылдау өткізгенін және аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелерімен, бастауыш партия ұйымдарының төрағаларымен, Жанбай ауылының тұрғындарымен кездескендігін жазған болатынбыз. 

Нұрлыбек Ожаевтың ауданға сапары белсенді жастармен кездесумен қорытындыланады деп жоспарланған. 

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521