Бұл туралы Исатай ауданының әкімі Полымбет Хасанов мәлім етті.
Исатай ауданында мүйізді ірі қара 21328-ге, жылқы 22853-ке, түйе 8340-қа, қой мен ешкі 50624-ке жеткен.
Есепті мерзімде 1774 тонна ет, 1253 тонна сүт, өндірілді.
Осы мерзімде 40 шаруашылыққа асыл тұқымды және тауарлық түрлендіру жұмыстарына 61,3 млн. теңге субсидия берілген.
- Мүйізді ірі қара мал өсіретін 8 шаруа қожалыққа селекциялық жұмыстары үшін 3,15 млн. теңге, асыл тұқымды бұқа малын сатып алғаны үшін 5 шаруа қожалыққа 3 млн тг төленді. Оған қоса, қой малының түрлендіру жұмыстарына қатысқаны үшін 1 шаруа қожалыққа 937,5 мың теңге, мал азығына жұмсалған шығынды субсидиялауға 25 шаруа қожалыққа 51,8 млн тг берілді, деді П.Хасанов.
Сонымен қатар, егін шаруашылығында да жұмыстар қолға алынған. Мәселен, биыл аудан бойынша 81 гектарға егін егу жоспарлануда. Оның ішінде 10 гектарға көкөніс, 6 гектарға бау-бақша, 65 гектарға мал азықтық дақылдар егілмек.
Аудан әкімінің айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін сумен қамту бағытында биыл бюджеттен 158 млн. теңге қаражат бөлініп, бекітілген кестеге сәйкес каналдарды сумен толықтыру жүргізілуде.