Қоржынымыз қос жүлдемен толықты

Атырау қаласындағы Мұнайшы стадионында өтіп жатқан жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы спартакиаданың облыстық кезеңінде Исатай ауданының мемлекеттік қызметшілері командасының қоржыны тағы да екі жүлдемен толықты.

Нақтырақ айтқанда, жарыс аясында қазақша күрестен 90 келі салмақ дәрежесінде бірнеше белдесулер өткізген аудан құрамасының өкілі Марат Жұмабеков спартакиаданың қола медалін қанжығалады. Боз кілем төрінде үшінші орын үшін болған белдесуде жерлесіміз қала әкімдігінің өкілін айқын басымдылықпен жеңіп, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.

a3de2bc2-f654-49cd-8801-c6578bdaeb31

Сондай-ақ үстел теннисінен де аудан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Спорттық жарыстың бұл түрінен үшінші орынды сарапқа салған кездесуде жерлестеріміз облыс әкімдігі командасын 2-0 есебімен тізе бүктірді. Құрама сапында өнер көрсеткен мемлекеттік қызметшілер аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Саябек Шағиров және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Гүлзада Абилова екенін де айта кеткен абзал. 

_dsc0703

Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілерін мерейлі мерекелері қарсаңындағы жеңістерімен құттықтаймыз!

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521