Исатай ауданының жастары флешмоб түсірді

Eл Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Халықаралық жастар күніне орай аудан жастары флешмоб ұйымдастырды.

Игі бастамаға аудандық «Жалын» мәдениет үйі мен жастар ресурстық орталығы мұрындық болды.

Аудан жастарының қатысуымен жасалған флешмоб «жастар саябағы» алаңында өтті.

a

Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Азамат Балмурзиннің айтуынша, флешмобты түсіру үшін қатысушылар алдын-ала дайындықтан өткен.

- Біз флешмобты Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және 12 тамыз – Жастар күні мерекесіне орай ұйымдастырған болатынбыз. Одан бөлек, осылай табиғат аясында флешмоб түсіру арқылы аудан жастары өз уақыттарын тиімді пайдаланса деген де мақсатымыз бар. Қос мерекеге орай әлі де жоспарға енгізіп отырған аудан көлемінде өтетін шараларымыз бар. Әрине, елдегі эпидемиологиялық ахуалдың жайы мәз емес. Сондықтан жоспардағы шаралар легін онлайн форматта өткізуіміз де әбден мүмкін, - дейді орталық басшысы.

Айта кетейік, аталған шара санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT