Исатай БЖСМ-нің 5 шәкірті ел чемпионатына жолдама алды

Жақында Атырау қаласында 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында самбо күресінен облыс чемпионаты өтті.

Ел чемпионатына іріктеу болып табылатын додаға Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Нәтижесінде 5 спортшы жеңіс тұғырына көтеріліп, ел чемпионатына жолдама алды. Олар - Ғалым Әбілмансұр, Муғауия Асыланбек, Адилжанов Ұлан, Мағзом Әлішер және Аңсаган Қазбек. Енді бұл облыс чемпиондары ел біріншілігінде өнер көрсететін болады. Спортшылардың бапкерлері - Азамат Галимов, Аманжол Ғалымулы, Берік Хамзин.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521