ИСАТАЙЛЫҚ БЕС ПАРАСПОРТШЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Ақпан айының 15-16-сы күндері Атырау қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында армесрингтен (қол күресі) облыс біріншілігі өтті.

Аталған додаға исатайлықтар да қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетіп қайтты. Атап айтар болсақ, Азияның жүлдегерлері ағайынды Медет, Гүлден Сұпығалиевтер, Асылан Қайрашев, Мирас Қайрошев, Асия Набиевалар қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтерілсе, Асқар Мұхамбеткалиев күміс жүлдені қанжығаға байлады.

Исатай балалар-жасөспірімдер спорт мектебінінің қызметкерлері Р.Қадыржанов пен Ө.Тілепов баптаған спортшылар 17-22-наурыз күндері аралығында ел чемпионатында күш сынасатын болады.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521