Исатайлық бүлдіршіндер облыстан олжалы оралды

«Атырау қаласында «Болашаққа – білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиеленушілері арасында спорттық-интеллектуалдық эстафета өтті.

Облыстық білім беру басқармасының қолдауымен, аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен спорттық шарада қала және аудандардан барлығы 8 команда бақ сынады. Олардың қатарында ауданға қарасты «Өркен», «Қарлығаш», «Балдырған» бөбекжай-бақшаларының бүлдіршіндерінен құралған «Толағай» құрамасы да бар. Ережеге сай, эстафета 4-5 жас аралығындағы бүлдіршіндердің арасында өтті. Екі күнге созылған ойынның нәтижесінде «жүзден жүйрік» көрініп, суырылып алға шыққан Атырау қаласының командасы жеңімпаз атанса, екінші орынды қызылқоғалық балдырғандар еншіледі. Ал, үшінші орынды жерлестеріміз бен құрманғазылықтар өзара бөлісті. Жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы кубоктармен, дәрежелі дипломдармен марапатталды.

dca8ba6c-a4a6-4059-a3ca-5d41d3f10a2d

Айта кетейік, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан эстафета биыл 13-ші рет қолға алынып отыр. Ұйымдастырушылар эстафетаны алдағы уақытта республикалық деңгейде өткізу де жоспарда бар екенін жеткізді. Бізде өз тарапымыздан ауданымыздың бүлдіршіндер құрамасын құттықтай отырып, алдағы күндерде де алар асулары, бағындырар биіктері көп болсын демекпіз!

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521