Исатайлық «Double Y» дебат командасы облыстық турнирдің жеңімпазы атанды

Облыстық оқу әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен дебат клубтарының жетекшілері арасында «Тәуелсіздік – мәңгілік құндылық» тақырыбында өңіраралық турнир өтті.

Аталмыш турнир Атырау қаласында оффлайн форматта ұйымдастырылып, Америнкандық Парламенттік форматта өткізілді. Облыстық турнирге қалалық, аудандық дебат турнирлерінің жеңімпаз 8 фракция қатысты.

Сондай-ақ аталған турнирге Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектептің дебат клубының жетекшісі Еркеназ Өтемісова және Аққыстау орта мектебі дебат клуб жетекшісі Эльвира Мұстах «Double Y» атауымен аталған дебат командасы болып, ауданымыздың атынан қатысты.

6

Турнир нәтижесінде сөз саптауы, тапқырлығы және шапшаңдығымен қарсыластарынан оза шапқан «Double Y» дебат командасы турнирдің жеңімпазы атанып, облыстық турнирде ауданымыздың мерейін асырды.

Шара соңында қатысушы командаларға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521