Исатайлық полицейлер ардагерге құрмет көрсетті

Исатайлық полицейлер 5 қазан қылмыстық іздестіру қызметкерлері күнімен ІІО ардагерін құттықтады.

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық іздестіру қызметінің құрылу тарихына 104 жыл толуына орай өнегелі отбасының тұяғы, өзінен өрбіген ұрпағының тірегі, ішкі істер саласының зейнеткері, полиция подполковнигі Еркін  Айтанұлы Айтановты айтулы мерекемен құттықтады.

Еркін Айтанұлы Айтанов құқық қорғау саласында 1980 жылдан бастап өлшеусіз еңбек етіп,  сүбелі зор үлесін қосып, қас қағым сәттерді мәңгілік мұраға айналдырған ардақты тұлға. Қылмыстық істі жан- жақты зерделей отырып ашуда өжеттілік танытып, өзіне берілген қызмет жолын аса байыптылықпен орындап, қырағылық қасиетімен ерекше көзге түскен.

Ауыр жұмыстың жүгін арқалаған ол, адал еңбегінің нәтижесінде әріптестерінен озық көрініп, талай рет Ішкі істер министрлігінің марапаттарына ие болды. Ерлерінің есімдерін ескіртпеген өз халқы да Еркін Айтанұлын беделді азамат тұлға ретінде көріп, ерекше құрметтейді.

Міне енді, жемісті еңбегінің нағыз кемеліне келіп, еңбектің зейнетін көріп отырған шақта, кейінгі буынға игілік пен ізгіліктің, пайым-парасаттың үлгісін көрсетіп, қыр-сырын үйреткен ардагерді Исатай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Данияр Бимуханов қылмыстық іздестіру қызметінің мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, еңсесі биік елдің асқақ іргесі болыңыз деп өзінің  тілегін білдіріп, құттықтап қайтты.

Өмірден тоқығандары мен ардагердің атқарған еңбек жолдары кейінгі жас толқын ұрпаққа мәңгілік өшпес өнеге.

Аудандық ІІБ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521