Исатайлық жас ұстаз облыстық байқауда топ жарды

Атырау облыстық ғылыми-әдістемелік халық шығармашылығы мен мәдени демалыс қызметтерін ұйымдастыру орталығының бастамасымен Халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиевтің 105 жылдығына арналған көркемсөз оқу шеберлерінің онлайн байқауының облыстық кезеңі өтті.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының 10-16 күндері аралығында өткен шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Байқауға облыс орталығынан және аудандардан барлығы 16 үміткер қатысып, олар 3 кезең бойынша бақтарын сынады. Байқаудың шартына сай, қатысушылар алғашқы кезеңде ақынның бір өлеңін жатқа оқыса, екінші кезеңде автордың бір прозалық шығармасынан үзінді оқып, өзара сынға түсті. Ал, үшінші кезеңде қатысушылар республикаға белгілі ақын, жазушылардың Хамит Ерғалиевке арнаған өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Байқаудың нәтижесінде Исатай орта мектебінің мектеп алды даярлық тобының жетекшісі Райхан Абатова қазылардың шешімімен бас жүлдені иеленіп, облыстық байқаудың жеңімпазы атанды. Сондай-ақ аталған байқауға қатысқан Нарын ауылының тұрғыны Айтілек Зиноллин жүлделі ІІІ орыннан көрінді.

Жүлдегерлерге ұйымдастырушылар тарапынан ақшалай сыйлықтар табысталды.

Әділбек СЫРЫМОВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521