«Таза ауыл – таза ауа»

Бүгін Исатай ауданында «Таза ауыл таза ауа» атты жалпыаудандық сенбілік өтті.

Өскелең ұрпақты еңбексүйгіштікке шақыратын тәрбиелік мәні зор шараға аудан әкімі Полымбет Хасанов, аудан әкімінің орынбасарлары, кәсіпорын, мекеме қызметкерлері және аудан тұрғындары бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын жүргізді.

i

Қыс бойы қар астында қалған ірілі-ұсақты қоқыс қалдықтарын тазалаған мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары бірі күрегін алып топырақ қопсытса, бірі тырнауышымен қураған өсімдік қалдықтарын жинап, енді бірі тасжол жиегін тазалап, ауылдың көркін келтіруге жұмыстанды. Бұл да бір өзіміз тұрып жатқан ауылға жасаған қамқорлық деуге саяды.

4

Сенбіліктің нәтижесінде, Е.Қазақстан, И.Сүгірұлы, Д.Әбілқайыров, Е.Есжанұлы, И.Тайманов, М.Өтемісов, Т.Мұсағалиев, Нарын, Келте Нарын, Мұнайшы, Б.Нысанбаев, Ынтымақ, Абай, Достық, Сарыарқа, Атырау, Жауқазын, Үбі Батыр, Қ.Мамеков, Ғ.Маштахов, Амангелді, Шамшырақ және Келте Шамшырақ көшелері, Өркен ауылы, Монғол каналының қос жағалауы қоқыс қалдықтарынан тазартылды.

i

Аққыстау ауылдық округінің әкімі Ғаділ Боранбаевтың сөзіне сүйенсек, тазалық жұмыстарына «КамАЗ» жүк көлігі және тіркемелі трактор жұмылдырып, жиналған қоқыс қалдықтары арнайы орынға шығарылған.

1

- Ауыл - ортақ үйіміз. Сондықтан, оның көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды көрінген жерге тастамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды таза ұстаудан басталатыны белгілі. Бүгінгі сенбілік барысында осыны өскелең ұрпаққа сабақ еткен барша ауылдастар қаймағы бұзылмас ынтымақ пен бірліктің ерен үлгісін көрсетті, - дейді бүгінгі сенбілікке қатысқан аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының тазалықшысы Мустахима Жолдыбаева.

d

Айта кетейік, бүгінгі тазалық жұмыстары ауданымызға қарасты өзге де ауылдық округтерде көрініс тауып, сенбілікке ауыл әкімдерінен бастап, мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындарының күші тартылды.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521