Исатай аудан әкімі Нұрым Мусин Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады

Құрметті Исатай ауданының тұрғындары!

Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің мерейлі мерекесі. 

 Өкінішке қарай, қазіргі таңда елдегі болып жатқан ахуалға байланысты облысымыз бойынша көптеген мерекелік шаралар кейінге қалуда.

 Бүгінгі күні ауданымызды су тасқынынан қорғау үшін бөгет соғу жұмыстары атқарылып жатыр. Соның ішінде өзге ұлт өкілдері де аудан тұрғындарының қатарына қосылып, бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісі бола білгені көз қуантады.Татулық пен ауызбіршілікті ту еткен аудан тұрғындары мен өзге ұлт өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіре отырып, бір шаңырақ астындағы халқымыздың ынтымақтастығы мен береке-бірлігі нығая түссін деген ізгі тілегімді арнаймын!

Мерекеміз құтты болсын!

 

 

Ізгі ниетпен, 

Исатай аудан әкімі Нұрым МУСИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521