Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын! Баршаңызды 7 мамыр - Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Отанды қорғау -ең абыройлы да, қасиетті міндет. Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап, шекарасын бекітіп, қарулы күштерін нығайтты. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болар әскер қалыптасты. Қарулы күштеріміз заманауи құралдармен қамтамасыз етіліп, көрші елдермен достық қарым-қатынас орнатты.
Биыл адамзат тарихына өшпес сыз қалдырған Ұлы Жеңіске 78 жыл толды. Қанша уақыт өтсе де, Ұлы Жеңіс жолында ерлікпен қаза тапқан, Отан үшін от кешкен батыр бабаларымыз ел есінде мәңгі сақталмақ. Сұрапыл соғыстан елімізді аман сақтап, болашақ ұрпаққа аманат етіп қалдырған қазақ батырлары тарих төрінен мәңгілікке орын алады. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктері мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі. Осынау қасиетті де, қастерлі қос мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, елімізге бейбіт өмір, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ-береке тілеймін.
Аудан әкімі Полымбет ХАСАНОВ
Сурет: ашық дереккөз