ИСАТАЙ АУДАН ӘКІМІ ПОЛЫМБЕТ ХАСАНОВ ИСАТАЙЛЫҚТАРДЫ РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Сіздерді еліміздің әр азаматы үшін айтулы мереке 25 қазан - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 1990 жылдың 25 қазанында Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданғанын атап өтіп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын. Міне, сол айтулы мерекеміз қайтадан жаңғырып, егеменді еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтіліп келеді.
Азаттық пен еркіндікке қол жеткізу жолында еліміз талай-талай қиын-қыстау кезеңдерді ба- стан өткізді. Дегенмен, ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыздың бірлескен еңбегінің арқасында аз уақыт ішінде дәулеті мен сәулеті жарасқан қуатты елге айналдық. Ел егемендігінің еңселі болуы жолындағы істе әр исатайлықтың да қосқан үлесі зор деп есептеймін.
Осынау қасиетті мерекемен баршаңызды құттықтай отырып, әр шаңыраққа құт-береке, қуаныш пен шаттық тілеймін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгілік болғай!

 

 

Полымбет ХАСАНОВ,

Исатай аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT