Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!Бұл мереке барлық ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы мен достығының, бейбітшілік пен тұрақтылықтың жарқын бір көрінісі.
Бірлігі мен ынтымағы жарасқан түрлі ұлт өкілдерінің мерейлі мерекесі. Тілегі мен жүрегі бір көп ұлтты Қазақстан халқы бірлік пен татулықтың арқасында жарқын болашаққа бет алып келеді. Бүгінде мәдениеті мен дәстүрін жалғастырып, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан ұлттық мәдени орталықтар достықтың шынайы үлгісін көрсетіп келеді. Бірлігі мен тірлігі ұштасқан, татулық пен тыныштық қалыптасқан елде береке мол болмақ. Бүгінгі бірлік мерекесімен баршаңызды құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Бейбіт өмірдің берекесі, халқымыздың ынтымағы мен ырысы арта берсін!
Игі тілекпен,
Исатай аудан әкімі Полымбет ХАСАНОВ