Исатай аудан әкімі жастармен жүздесті

Исатай аудан әкімі Полымбет Хасановтың қатысуымен «TEDx Исатай» атты жастармен кездесу өтті деп хабарлайды "Naryn tany" газеті.

Алдымен сөз кезегін алған аудан әкімі мемлекеттік қызметте өзінің еңбек жолы мен өмірбаянын қысқаша баяндап берді. Мемлекеттік қызмет – халыққа қызмет көрсететін, еліміздегі саясатты жүзеге асыратын, түрлі қабылданған бағдарламалардың орындалысын қамтамасыз ететін, жалпы айтқанда, халықтың қолайлы жағдайын жасауға ықпал ететін қызмет түрі десе болады. Жиын барысында жастар аудан басшысына сан түрлі сауалдарын жолдады. Кездесуде жастар тарапынан аудан әкіміне «Қазір мемлекеттік бағдарлама бо-йынша жастарға арналған жобалар бар. Сол жобалар тиісінше аудан деңгейінде қаншалықты жүзеге асып жатыр. Соның ішінде «Дипломмен -ауылға!» бағдарламасы бойынша келетін жастар қатары жылдан-жылға неге сиреп барады?» деген өзекті сұрақ қойылды. Оған аудан әкімі П.Максимұлы былайша жауап берді.

-Өте дұрыс сұрақ, «Дипломмен- ауылға!» бағдарламасы бойынша ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Тиісінше, аудан бойынша қандай мамандық иелері болса да, сұранысқа ие, солар ғана осы тізімге іліне алады. Биыл біз «ауылға келемін,тұрғын үй сатып аламын» дегендерге 4 тұрғын үй және 15 жас маманға көтерме жәрдемақы береміз деп жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда 15 маманның бесеуі алды. Бұған берілетін қаржы көлемі – 345 мың теңге әрі қайтарымсыз. Және сол маман тұрғын үй алуға арыз беруге болады. Пәтер алған кезде, 5 млн көлемінде өзі тұрғын үй тауып алып,сосын біздерге құжат тапсырады.Содан соң келісімшартқа отырады,-деді келген жастарды құлағдар еткен аудан әкімі.

Одан бөлек аудан басшысы жастарға қандай да бір жаңа нысан бой көтергенде, оны ластамай, қиратпай, егер де әлдебір тәртіп бұзу барысында, келеңсіз оқиғалар болған жағдайда, нақты дәлелмен әкімдікке хабарласуын өтінді.Тоқсан сайын тұрғындармен кездесуде жауыр болған ауылішілік жол бойында жекеменшік автокөліктердің жоғары жылдамдықпен жүруі сөз болып, мейлінше, жастарға өмір қауіпсіздігін сақтап, тәртіп сақшыларынан қашпай, сана-сезімге тоқтау салу керектігін де тілге тиек етті. Сондай-ақ жиынға мемлекеттік қызметкерлерден бөлек ауыл жастары мен студенттері де қатысып, өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды.

Сағыныш САЙЛАУБАЙ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521