Бүгін аудан әкімі Нұрым Мусин актив отырысында жаңа аудан әкімінің орынбасарын таныстырды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің келісімімен, Исатай ауданының әкімі Н.Мусиннің өкімімен 2024 жылғы 25 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының үздік түлегі Утегенов Нұрберген Мұратұлы Исатай ауданы әкімінің орынбасары лауазымына конкурстан тыс тағайындалды.
Утегенов Нұрберген Мұратұлы - 1988 жылы 6 қазанда Атырау облысында дүниеге келген.
Ұлты - қазақ, білімі - жоғары.
2011 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Туризм» мамандығы бойынша бiтiрген.
2020 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған.
2024 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі. “Экономика” мамандығының “Бизнес және басқару” магистрі.
Еңбек жолын 2007 жылы жеке өндіріс секторларында бастаған.
2009-2011 жылдары Атырау қалалық Ішкі істер басқармасында патрульдік полиция қызметкері, полиция сержанты қызметін атқарған.
2011-2016 жылдарда да жеке секторларда қызмет атқарып, 2017 жылы мемлекеттік қызметке келіп, 2017-2018 жылдары аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау және ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, 2018 жылдан бастап сол бөлімнің басшысы қызметін атқарды.
2019 жылдың 1 шілдесінен бастап бүгінге дейін Исатай аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.
Отбасылы. 3 қыз, 1 ұлы бар.