Исатай аудан әкімінің кеңесшісі тағайындалды

Аудан әкімі Полымбет Хасановтың 2023 жылғы 5 шілдедегі  №152 өкімімен Зинеденов Еркебұлан Уалитханұлы Исатай ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. 


Зинеденов Еркебұлан Уалитханұлы
Ол 1998 жылы  Исатай ауданы, Зинеден ауылында дүниеге келді. 
2019-жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген. 
Еңбек жолын Исатай аудандық «Жастар ресурстық орталығында» маман болып бастап, күні бүгінге дейін қызмет атқарды. 
Зинеденов Еркебұлан Уалитханұлы жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау, өтініштерін тіркеу және орындалуын бақылау, әлеуметтік желіге ақпараттарды жариялау, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен жұмысты жүргізу және басқа да ұйымдастыру бағытында жұмыстарды атқарады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521