ИСАТАЙ АУДАН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ ТОП ЖАРДЫ

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнінеорай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ұйымдастыруыменмемлекеттік қызметшілер арасында «Дәстүрге тағылым» интеллектуальдық quiz ойыны өтті деп хабарлайды «Naryn tany» газеті.

Сайысқа Атырау облысы әкімі аппараты, қала әкімдігі, аудандармен облыстық басқармалардан, республикалық мекемелердіңфилиалдарынан барлығы 24 команда қатысты. Өңірдегі жалпы 130-ға жуық мемлекеттік қызметшілер бас қосқан са-йыстақатысушылар тақырыпқа сай  салт-дәстүрді дәріптеу мақсатындаұлттық нақышта киім киіп ерекшеленді. Интеллектуальдықойынның негізгі мақсаты-ұлтымыздың ұлы құндылықтары салт-дәстүрлерді дәріптеп, кейінгі ұрпақтың санасына сіңіру,үлгі ету, мемлекеттік қызметшілердің интеллектуальдық ой-өрісі мен білімін тапқырлығымен ұштастырып, логикалық тұрғыда жан-жақты қырлары мен қасиетін ашу.

«Білегіңе сенбе, біліміңе сен» ұранымен өткен сайыс 6 кезеңнентұрды. Қатысушыларға Қазақстан тарихы, ұлттық салт-дәстүр, ғылымдар, логикалық сұрақтарды қамтитын түрлі сұрақтар қойылып, таным көкжиегі сыналды. Аудан намысын қорғапқатысқан Исатай ауданы құрамасы асықтары алшысынан түсіп, үздіктердің үздігі атанып, жүлделі І-орынды еншілеп, бағалысыйлықпен марапатталды. Команда құрамында ауданы әкіміаппаратының бас маманы А.Ерғалиева, аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімі бас маманы М.Жұмабеков, аудандық экономика және қаржы бөлімі сектор меңгерушісіР.Бисен, Тұщықұдық ауылдық округі әкімінің орынбасарыЕ.Есмағила мен Аққыстау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы А.Ізмұратов болды.

Елімізде қазақша quiz ойындары қарқынды түрде дамыпкеледі. Кәсіби мерекемізге орай ұйымдастырылған бұл сайыс өтежоғары деңгейде өтті. Сұрақтар өз кезегінде қиын әрі қызықтыболды. Қарсылас командалар да оңай шағылатын жаңғақ емес екеніойын барысында көрінді. Тартысқа толы додада біз де аяныпқалмадық. Ең бастысы, ұйымшылдықпен жұмыла іске кірісіп, ми қозғар түрлі сұрақтарға бірлесе жылдам жауап беру нәтижесіндемәреге бірінші келіп, аудан мерейін асқақтаттық,-деді Исатай ауданы құрамасының капитаны А.Ерғалиева.

Сонымен қатар сайыс нәтижесінде ІІ-орынды Құрманғазы аудандық әкімдігініңкомандасы иеленсе, ІІІ-орынға Мақат ауданы әкімдігінің командасытабан тіреді.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521