Исатай аудандық әкімі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

Бүгін Исатай аудандық әкімі аппаратының басшысы қызметіне Мұқанов Рашид Тасанұлы тағайындалды.

Аудан әкімінің актив жиынында аудан басшысы Марат Мурзиев бұған дейін Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметін атқарып келген Рашид Мұқановтың аудан әкімі аппапатының басшысы болып тағайындалғанын атап, оның еңбек жолын көпке қысқаша таныстырып өтті.

Мұқанов Рашид Тасанұлы 1986 жылы 13 қарашада Атырау облысы, Қызылқоға ауданында дүниеге келген. 2008 жылы – Қаржы полициясы академиясын «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша аяқтаған. Алғашқы еңбек жолын 2008 жылы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қүрес департаментінің Оңтүстік аймағы бойынша ауданаралық басқармасында (Қаржы полициясы) инспектор қызметінен бастаған ол 2010-2011 жылдар аралығында «Салтанат» ЖШС-де заңгер, 2012-2014 жылдар аралығында «Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ-де заң кеңесшісі, 2014-2017 жылдары «Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы» ММ-де бас маман-заңгер, бас инспектор-заңгер, персоналды басқару жөніндегі бас инспектор және Әкімшілік бөлімінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған. 2017 жылдың мамыр айынан бастап тамыз айына дейін «Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы» ММ-де бас маман-Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы болып еңбек еткен Рашид Тастанұлы 2017 жылдың 1 тамызынан бастап, күні бүгінге дейін «Исатай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ-нің басшысы қызметін атқарып келді.

Жиында аудан әкімі Марат Мурзиев пен аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Мұханбеталиев жаңа аппарат басшысының қызметіне сәттілік тіледі.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT