Исатай аудандық мәслихат депутаты айналма жолдың сапасын сынады

Құрылысы жүріп жатқан "Атырау-Астрахан" тасжолының уақытша айналма жолына да мән берілуі тиіс. Әйтпесе, одан да келетін залал, қауіп-қатер бар.

Исатай аудандық мәслихатының депутаты Нұрым Мусин облыстық мәслихат депутаттарымен болған кездесуде осы мәселені қозғап, бірқатар ұсынысын жеткізді. Жақында баспасөз бетінен мердігер компанияның жұмысын қадағалайтын бір мекеме күрежол бойындағы айналма жолдың сапасына ескерту жасап, айыппұл салғанын оқығаным бар. Содан білгеніміз, уақытша екен деп айналма жолға немқұрайлы қарауға болмайды, - дейді аудандық мәслихат депутаты.

– Ал, біздің аудан аумағындағы, әсіресе, Аққыстау мен Жанбай ауылдары аралығындағы айналма жолдан көлігіңнің әйнегін сындырмақ түгілі, терезеден атқылаған тастан ішіндегі адамға зақым келе ме деп қорқасың. Өйткені, жолға ұсақ щебеньдерді тиісті қоспаларын араластармай-ақ төсей салған. Осы мәселеге бақылау жүргізуді қаперлеріңізге алсаңыздар екен. Не дегенмен республикалық маңыздағы тас жол ғой, тапсырыс беруші де облыстық басқарма. Осы жайды ойға ала жүрсеңіздер, - деді Нұрым Мусин.

Аудандық мәслихат депутаты одан бөлек облыстық жер комиссиясының құрамына Исатай ауданынан бір өкіл енгізуді ұсынды.

Айта кетейік, ауданымызға облыстық мәслихат депутаттары Ә.Семғалиев, А.Идрисов, Н.Шалабаева арнайы іссапармен келіп, аудан басшылары және аудандық мәслихат депутаттармен кездескен болатын.

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521