Исатай аудандық музейінде Мақсұт ақынның скрипкасы сақтаулы тұр

Исатай аудандық музейінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Исатай ауданының Құрметті азаматы Мақсұт Бозшаұлы Неталиевтің пайдаланған скрипкасы сақталған.

Ақын атамыз 1952-1957 жылдары мектептерде ұстаздық еткен. Сол кездерде осы скрипкамен түрлі шығармаларды орындаған екен. 1956-1957 жылдары республикалық фестивальдарға да қатысып, киелі сахналарда өз өнерін көрсетіп, түрлі марапаттарға ие болыпты.

Музейде Мақсұт ақыннан қалған басқа да жәдігерлер бар. Мәселен, ақынның қолтаңбасы қалған өлеңдер жинағы да осында сақтаулы. Айналаға ойлы көзбен қарап, әдемі де әсерлі сәттерді өлеңмен де өрнектей жүретін ақынның үнемі өзімен бірге ала жүретін фотоаппараты да осында тұр.

Осынау жәдігерлерді тамашалаған музейге келушілердің ардақты ақын өмірінің көрікті бір сәттеріне қаныға түсері де анық. Ақын мұралары ұрпақтарының ұқыптылығы арқасында әулеті ғана емес, барша жерлестері, аудан қонақтары көз тоқтата қарар құнды дүниелерге айналғаны сүйсінтеді.

Әзиза ХАМЗИНА,

аудандық музейдің зал қараушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521