Исатай аудандық ардагерлер ұйымына жаңа төраға сайланды

Аудандық ардагерлер ұйымының кезектен тыс пленумы болып өтті. Оған аудандық ардагерлер ұйымының  пленум және алқа мүшелері, аудандық мәслихат төрағасы Н. Мусин, аудан әкімдігі аппаратының басшысы А.Кеулімжайұлы   және ауылдық округ әкімдері, еңбек ардагерлері, бөлім басшылары қатысты.

 Күн тәртібінде аудандық ардагерлер ұйымының төрайымы Гүлбану Кабулова Ружанқызының өтінішін қарау және жаңа төраға сайлау туралы мәселесі қаралды.

Аудан басшысы аталған лауазымға ауданның белгілі азаматы,басқарушылық тәжірибесі мол Жансих Маштахов Ғатихұлының кандидатурасын ұсынып, ол ардагерлер тарапынан қолдау тапты.

Осылайша Исатай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы қызметіне Жансих Маштахов  бірауыздан сайланды. Мәжіліске қатысқан ардагер ұстаз Әлия Фазылова,Тұщықұдық ауылдық ардагерлер бастауыш ұйымының  төрайымы Қабира Каюмова, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ерболат Насимуллин  сөз алып, жаңа төрағаның жұмысына сәттілік тіледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз