Исатай аудандық электр жүйесіне жаңа басшы келді

Аудандық электр жүйесі аудандағы өзіндік тарихы қалыптасқан, сексеннен астам адам еңбек ететін іргелі ұжымдардың бірінен саналады.

Ауданды электр қуатымен үзіліссіз қамтуда нәтижелі жұмыстарымен көрініп келе жатқан осынау ұжымға жуырда жаңа басшы келді.

«Атырау-Жарық» АҚ президентінің бұйрығымен осы жылдың 18 қыркүйегінен бастап мекеме тізгінін ұстаған Букеев Шаттық Ержанұлы 1970 жылы туылған. 2000-2003 жылдары политехникалық колледжді, 2004-2008 жылдары Атырау мұнай және газ институтын оқып бітіріп, техник-электрик, инженер-электрик мамандықтарын меңгерген, отбасылы. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол «AETS» ЖШС-нде техникалық директор, «АтырауЭнергоТехСервис» ЖШС-нде жобалау бөлімі басшысы, «Атырау-Жарық» АҚ жоғары электр кернеуі орталық қызметінің аға шебері лауазымдарында еңбек еткен.

Жаңа қызметке келген басшы аудан өмірімен, еңбек ұжымымен танысу барысында мекеменің ардагерлерін де ұмыт қалдырмай, олардың ой-пікір, ұсыныс-тілектеріне құлақ түруді ойға алыпты. Қарттар күнімен, өтіп жатқан қайырымдылық айымен тұспа-тұс келген бұл жүздесу кезінде ардагерлер өз естеліктерімен бөлісті, алдағы қыстың сынынан сүрінбей өтуге дайындықпен күрделене түскен жұмыс арасында ардагерлерге де көңіл бөліп, уақыт тауып қабылдаған басшыға ризашылықтарын білдіріп, жаңа қызметінде жетістіктер тілесті.

Жоламан ДӘУЛЕТИЯР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT