Исатай аудандық футбол лигасы басталды

Сенбі күні Исатай аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "Исатай футбол ликасының ашылу салтанаты өтті.

 

Жарыстың ашылу салтанатын да аудан әкімі Нұрым Мусин алғы сөз кезегін алып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Аманжол Рахметов те жылы лебізін білдірді.

Бұл тартысты додаға елді мекенмен қоса ауылдық округтерден 14 команда қатысуда.2 айға созылатын футбол ойыны әр аптаның сенбі-жексенбі күні өткізіледі.

Айта кетейік, бұл ойын ауданымызда 2023 жылы бастауын алып, ал биыл " Исатай футбол лигасы" болып жалғасын тапты.Сонымен қатар, бұл лигаға кейбір ауылдық округтердің өзінен 2 немесе 3 команда құрылып, белсенді қатысып жүр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521