Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Исатай аудан әкімінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №91 Өкіміне сәйкес "Исатай аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің” басшысы лауазымына Есқали Ринат Нәбидоллаұлы тағайындалды деп хабарлайды Исатай ауданының әкімдігі.

Ринат Есқали Исатай ауданы, Х.Ерғалиев ауылының тумасы. 1989 жылы 4 шілде күні дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін география мамандығы бойынша бітірген.

Алғаш еңбек жолын 2012 жылы Атырау қаласындағы Еркінқала орта мектебінде бастап, 2016 жылы Исатай аудандық білім бөлімінде жалғастырған. 2019 жылы Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығына басшылық қызметке тағайындалып, 2020 жылдың сәуір айынан күні бүгінге дейін Исатай ауданы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарып келген. Отбасылы.

Аудан әкімі П.Хасанов жаңа бөлім басшысына өңірдегі мәдениет пен бұқаралық спортты дамыту бағытында жаңа жобаларды қолға алып, жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521